«Ақ жол» фракциясы Үкіметке дағдарыстан шығу кезінде бизнесті салықтық қолдауды ұлғайтуды ұсынады
13 мамыр 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы Үкіметке дағдарыстан шығу кезінде бизнесті салықтық қолдауды ұлғайтуды ұсынады. Бұл туралы бүгін фракция депутаты Екатерина Никитинская ҚР Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
А.Ұ Маминге
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Covid-19 індеті алдағы екі жылда әлемдік экономикаға бұрын-соңды болмаған кері әсерін тигізері сөзсіз. Қазақстан бүгіннің өзінде осындай қауіп-қатермен бетпе бет келуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бағалауынша, елдердің эпидемияға қарсы шаралары өндірістің 20-дан 25% -ға азаюына әкелуі мүмкін, ал тұтынушылық шығындар бастапқыда үштен бірге азаяды деп күтілуде.
Орта және шағын кәсіпорындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін экономикалық белсенділіктің төмендеуі ең қиын тәуекелдер болып табылады. Сатып алушылардың саны күрт төмендеп, келісім-шарттар бұзылып, жеткізу тізбектері үзілуі мүмкін. Дегенмен кәсіпорындар кеңсе алаңын жалға алу, коммуналдық төлемдер, жалақы төлеу және тауарлық-материалдық қорларды толтыру шығындарын өз мойнына алады. Індет кезінде бұл шығындар кейбір кәсіпорындар үшін ұлғаюы да мүмкін. Бүгіннің өзінде Алматы қаласында азық-түлік пен дайын тамақты жеткізетін орта компаниялардың айлық шығыны 16 млн теңгені құраған. Бұған қала сыртында тұратын жұмыскерлер үшін қонақ үйлер мен жатақханаларды жалдау, гигиеналық жеке құралдарды, төсектерді сатып алу, жұмысқа жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз ету және тағы басқа да шығындар кіреді.
Наурыз айында Президенттің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» №287 Жарлығына сәйкес Үкімет төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты салықтық қолдау шаралары туралы №224 қаулысын қабылдады.
Аталмыш қаулы бойынша микро, шағын және орта кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін, ал ірі кәсіпорындар 1 сәуірден 1шілдеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен, жеке табыс пен әлеуметтік салықтан, зейнетақы төлемдерінен босатылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ұшу-қону жолақтарындағы аэродромдарда, әуежай терминалдарында мүлік салығы ставкаларына нөлдік коэффициент енгізілді.
Әуе жолаушылар көлігі кәсіпорындарына резидент еместерге әуе кемелерін лизингке техникалық қызмет көрсету және құқықтық қолдау үшін ҚҚС төлеу 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ, салық төлеушілер үшін 2019 жылдың салық есептерін тапсыру бойынша екі айлық (31 наурыздан бастап 31 мамырға дейін) шегетулер енгізілді
Коронавирустық дағдарыс жағдайындағы салық және салық саясаты бизнестің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталуы керек. Алдағы уақытта салықтық түсімдердің азаюы ықтималдығы жоғары болғандықтан, оларды көбейтудің жақсы әдісі — тұрақты ынталандыру арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Осы тұрғыдан алғанда қабылданып жатқан фискалдық шаралар үйлестірілмеген және жеткіліксіз көрінеді.
Мысалы, микро, шағын және орта бизнес нысандарына неге екені белгісіз 2000 шаршы метр және одан жоғары сауда нысандардаавтомобильдер мен автокөлік құралдарының ірі бөлшек саудасы, сауда-сауық орталықтары мен басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, әуе бекеттерінің, әуе жолаушылар көлігінің қызметтері, сондай-ақ коммерциялық қызметтер және басқару мәселелері бойынша консультациялар да енгізілген.
Ірі кәсіпкерлік нысандарының тізімінде де дәл сол нысандар көзге түседі.
Әлбетте, ең алдымен үлкен бизнеске назар аударылғандықтан, құндық тізбектің өсуін қамтамасыз ететін экономика салалары іс жүзінде ұсынылмады.
Ал, ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру өз алдына бір бөлек. 2019 жылға арналған салықтың есептің екі айға кейінге қалдыруда ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы Үкіметке дағдарысқа қарсы ұзақ мерзімді сипаттағы жүйелі салықтық шараларын қабылдауды, оның ішінде:
• Өткен жылғы кіріс деңгейін есепке алмай, тауар айналымының болжамды өзгеруіне негізделген 2020 жылы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің тоқтатуды немесе түзетуді;
• Экономиканың нақты секторларындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, микро және шағын бизнеске жеке табыс салығы, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жарналары бойынша нөлдік мөлшерлемені ұзартуды;
· 2020 жылы әлеуметтік маңызы бар тауарларға, сондай-ақ импортталатын дәрі-дәрмектер мен оларды өндіруге арналған жабдықтарға қосылған құн салығы мен кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін енгізуді;
• Айыппұлдар мен өсімпұлдар есебін тоқтата тұру кезінде декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартуды;
• 2020 жылы карантин шараларын енгізу нәтижесінде қалыптасқан салықтық қарыздарды өндіріп алуды, соның ішінде банктік шоттар мен активтерді бұғаттауды тоқтатуды ұсынады.
Біздің ұсыныстарымызды қарастыруыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары