АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қала тұрғындарының 61% вакцина қабылдағанына қарамастан, екпе алуға әлі де күмәнмен қарайтын адамдар кездеседі. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында қала әкімдігі тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

 

 

Мақсат – тұрғындарды вакцина алуға шақыру және ұжымдық иммунитетті арттыруға жұмылдыру.

 

Түсіндіру тобының құрамына қаладағы 11 округтің бас инспекторы, ардагерлер кеңесінің және қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енді.

 

 

 

Вакцинациядан кейін ұжымдық иммунитет қалыптасқан елдерде аурушаңдың деңгейі мен өлім жағдайларының көрсеткіші едәуір төмендегені белгілі. Сондықтан екпе алу – індетпен күрестегі маңызды қадам болмақ.