Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері марапатталды

 Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы жүлдегерлерін марапаттау кешін өткізді.

Шараның шымылдығын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы құттықтау сөзбен ашып, жүлдегерлерге сәттілік тіледі.

 

 

Биыл қатарынан алтыншы мәрте өткізіп отырған байқауда әр жылды қоса алғанда 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгерлер бақ сынап келеді. Осы жылы барлығы 40-қа жуық үміткер проза, публицистика жанрларында шығармаларын ұсынды.

Қазылар алқасының төрағасы – қазылар алқасының төрағасы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жарылғапов Жансая Жанғазыұлы болса, алқа құрамына айтыскер ақын, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, «Арқа ақшамы» аймақтық газетінің бас редакторы Тілегенов Жанат Жаңқашұлы «Сарыарқа ақпарат» медиахолдингінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Ахметов Қамбар Жұмағалиұлы, Журналистика саласының ардагері, тіл жанашыры Батырханова Сағат Сыдыққызы енді.

 

 

Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлде (Бас жүлде):

Асхат Қажытай — ақын, журналист. «Arda Media Group» орталығының директоры, жеке кәсіпкер. Қарағанды қаласы

Жас жазушылар арасында:

І орын: Бақтияр Тұрсынов — «Қоңыр самал» ЖШС атқарушы директоры. Жезқазған қаласы.

ІІ орын: Күннұр Қабай — «Bolashaq» академиясының студенті. Қарағанды қаласы.

ІІІ орын: Бекзат Алтынбек — №10 ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қарағанды қаласы.

Жас көсемсөз шеберлері (публицистер) арасында:

І орын: Мақсат Күземхан — «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі. Балқаш қаласы.

ІІ орын: Ербол Ерболат — Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі. Қарағанды қаласы.

ІІІ орын: Ислам Бахатбек — Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы. Шахтинск қаласы.

Ынталандыру сыйлығы:

Әзизә Томабаева — Жаңаарқа ауданы. Ақтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мадина Дәденова — Қарағанды қаласындағы №86 ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Гүлдана Мұратова — Жаңаарқа ауданы. Ақтау орта мектебінің оқушысы.

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы жүлдегерлерін марапаттау кешінде арнайы концерттік бағдарламаға сәйкес, облыс өнерпаздарының орындауында Ақселеу Сланұлының «Сарыарқа», «Дәурен-ай!» әндері шырқалып, «Қосбасар» күйі орындалады.

 

Жомарт Шаймұрат