Ақтауда Тұңғыш Президент саябағы салынып жатыр

 

Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда өңірдегі ең ірі саябақ салынып жатыр, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

40 шағынауданда орналасқан саябақтың аумағы 23 гектар. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, серуендеу аймақтары болады. Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқақ, балалар ойын алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары да орнатылады.

 

 

Саябақтың құрылысы «BS stroy» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен тұрғызылуда.
Қазіргі таңда, демалыс аумағының жеріне топырақ төсеу, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

-Ең бастысы саябақтағы жасыл-желектерді суару үшін жерасты сулары, ал, жарықтандыру үшін күн сәулесі пайдаланылады. Яғни, қала бойынша инженерлік және электр желілеріне ешқандай салмақ түспейді,-дейді мердігер мекеме басшысы Сұңғат Мұңалбаев.

 

 

Құрылысы 2023 толық аяқталады деп жоспараланған саябақты күтіп-ұстау жұмыстарына да мердігер мекеме жауапты болмақ.