АҚТАУДА “ЖАСЫЛ ЕЛ” ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

 

«Жасыл ел-2020» еңбек жасақтарының XVI маусымы шілде айының 22 күні өз жұмысын бастаған болатын. Бұл еңбек жасағына биылғы маусымда Ақтаудағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 370 жас жұмысқа тартылды. Олар 12 топқа бөлініп, 1 ай бойы қоршаған ортаның көркеюіне, қаладағы қоғамдық орындардың таза болуына өзіндік үлесін қосты.

 

 

Атап айтсақ, жасақшылар 1 ш/а, Ақбота саябағын, 6 ш/а, 8 ш/а, 12 ш/а, 13 ш/а, 14 ш/а және Шығыс 1, Толқын шағын аудандарындағы жасыл желектерді баптап, көгалдар мен көше бойындағы өскен арам шөптер мен қоқыстардан тазартты. Сондай — ақ, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына әр түрі іс – шаралар өткізілді. Соның бірі жастардың білімдерін шыңдау мақсатында «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн фарматта зияткерлік сайысы.

 

 

«Айта кетейік, елдегі пандемия жағдайына байланысты «Жасыл ел» еңбек жасағына тіркеу онлайн түрде жүргізіліп, әрбір баланың денсаулығы жөнінде анықтама мен олардың ата-аналарынан рұқсат беретіндігі жөнінде қолхат алынды. Сонымен қатар, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі және еңбек формасы тапсырылды»,-деді Ақтау қаласы әкімдігінің қоғамдық даму орталығының директоры Даулет Сағынтаев.

Бүгін жас еңбекшілердің соңғы жұмыс күні. Олар табиғатқа қосқан үлесі үшін 42500 теңге көлемінде еңбекақы алады. Одан бөлек, қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, қаламызды гүлдендіру, көгалдандыру жұмыстарында ерекше белсенділік көрсеткендері үшін арнайы Алғыс хаттар табысталмақ.

АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ