Ақтаудағы оңалту орталығында 100-ге жуық науқас тегін ем қабылдады
Ақтаудағы оңалту және әлеуметтендіру орталығында 100-ге жуық науқас тегін ем қабылдады. Жыл басында ашылған мекемеде емделушілерге барлық жағдай жасалған. Ғимараттағы медициналық құрал-жабдықтар шетелден әкелінген. Әлеуметтік маңызы бар орталықтың жұмысымен облыс әкімі Ералы Тоғжанов танысып, онда ем қабылдап жатқандардың жағдайына қанықты.
¤Орталықта бір мезетте 12 адам емделе алады. Ем-дом қабылдау ұзақтығы 20 күн.
¤¤Емделушілерге 5 мезгіл тамақ беріледі. 18 маман қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда аяғы, қолы ауыратындардың шынығуына арналған арнайы құрылғылар бар.
-¤Ұйқылары тынышталады. Мысалы, Жаңаөзеннен келген Жалғас деген жігіт болды. Құлағымның шуалы кетпей, барған жерім жоқ деп келген еді. Шымкентке, Ташкентке барып ем қабылдаса да емделмегенін айтқан. Осында келгесін құлағымның шуалы кетті деп айтып кетті. Соның барлығы жаттығуға арналған құрылғылардың әсері шығар, дейді оңалту және әлеуметтендіру орталығының директоры Дина Сейдалиева.
¤Жыл басында ашылған орталықта осы уақыта дейін 100-ге жуық науқас ем-дом қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, оның 38-нің денсаулығы түзеліп қалыпқа келген. Мұнайлылық Қырмызы Омарова — шипа іздеп келгеннің бірі. Науқас 11 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Одан қалды қан қысымы да тұрақсыз. Аяғы ауырып, жүруге мұрша бермейді екен.
—Осындағы құрылғылар мен дәрігерлердің көмегінің арқасында қалыпқа келдім. Алғысым шексіз. ¤Вакуум маған күшті әсер етті. Орталық ұжымына алғысым шексіз. Күліп қарсы алып, емдейді. Кез-келген құрылғының пайдасын түсіндіреді. Жақсы нәтиже көріп жатырмын. Барлығына ризамын,дейді емделуші Қырмызы Омарова.
¤Мекеме басшылығының айтуынша, орталыққа жаттығатын тағы 4 құрылғы қажет. Тіпті, тапсырыс беріліп те қойған. Егер қаражат бөлініп, керекті құрал-жабдық сатып алынса емделушілер саны екі есеге өсіп, жағдай бұдан да жақсаруы мүмкін, дейді олар.
Айман Оңғарбайқызы