АҚТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ақтаудағы 17, 18, 18 а, 19а және Шығыс-3 шағынауданында су, кәріз, жылу, телефон желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов мәлім етті.

“Ақтау қаласының 16, 18, 19, 19а шағынауданында тоқ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 16, 18, 19, 35 шағынауданда газ желісін тарту үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Құрылысқа жауапты мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылуда.

16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35 шағынаудандардың периметрі бойынша газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында «Жаңаөзен – Ақтау» газ құбырынан АГТС орнатып, магистралды газ құбырын салу жұмыстарын жүргізілуде”,-деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов.

Ақтау қаласының КТҚ-1-ден КТҚ-2-ге дейінгі арынды кәріздік коллекторын салу үшін ЖСҚ әзірлеу жобалушы мердігер мекеме анықталуда. Жобаға сәйкес кәріз коллекторы трассасының ұзындығы 17,4 км. Қазіргі таңда қазу жұмыстары 12 км, оның ішінде 9 км құбыр коллекторы салынды.

 

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ