АҚТАУДАҒЫ ЖАҢА ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Ақтаудағы 17, 18, 18 а, 19а және Шығыс-2, Шығыс-3 шағынауданында су, кәріз, жылу, желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылысы 90 % аяқталды, ағымдағы жылы нысандар пайдалануға берілмек. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов мәлім етті.

“Ақтау қаласының 16, 18, 19, 19а шағынауданында тоқ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы бюджет нақтылауында қаражат толық бөлінген жағдайда нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

18, 19, 35 шағынауданда газ желісін тарту үшін құрылысқа жауапты мердігер мекемелер анықталды, қазіргі таңда қаржыландыру күтілуде.

Сонымен қатар, 16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35 шағынаудандардың периметрі бойынша газ тарту желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтау қаласының КТҚ-1-ден КТҚ-2-ге дейінгі арынды кәріздік коллекторын салу құрылысы жүргізілуде. Коллектор трассасының ұзындығы 17,4 км, қазіргі таңда қазу жұмыстары 12 км, оның ішінде 9 км құбыр коллекторы салынды.