АҚТӨБЕ ӘУЕЖАЙЫНДА «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында қосылған «Ashyq» қосымшасы арқылы терминалға кіру тек «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі. «Қызыл» мәртебесі анықталған тұлғалар үшін арнайы бөлме қарастырылған. Нысанда санитарлық дәрігер жұмыс істейді.

Алгоритмдерді реттеуге Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары көмектесті. Әуежай терминалдарының кіреберістерінде QR-коды бар тақтайшалар бар. Әрбір келуші оны сканерлеп, тексерушіге ұсынуы керек.

 

 

— Біз әуежай әкімшілігімен толық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік және алгоритмдерді пысықтауға көмектестік. Кезектерді болдырмау үшін халыққа «Ashyq» қосымшасын алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз. Әр адам мәртебесін ashyq.kz сайтынан QR-кодтың көмегімен тексеру алады немесе мобильді қосымшадағы «Профиль» парағынан көре алады.12 жасқа дейінгі балалар әуежайға шектеусіз жіберіледі. — дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, облыста «Ashyq» сәуір айында енгізіле бастады. Жоба Covid-19 вирусының таралу қаупін азайтуға септігін тигізеді, сонымен қатар бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінге дейін өңірде 442 кәсіпорын «Ashyq» жобасына қосылған. Бүгінге дейін өңірде «Ashyq» қосымшасын пайдалану нәтижесінде 19 «қызыл» және 59 «сары» мәртебесі бар адамдар анықталған.

 

М.РАХАТҚЫЗЫ,

Ақтөбе облысы