«Ақтөбе» ХК облыс әкімі кубогінің  иегері  атанды

Сенбі, 6 сәуір күні Ақтөбедегі Мұз сарайында хоккейден облыс әкімінің  кубогі басталған болатын. 

Салтанатты шараға  облыс әкімі Оңдасын Оразалин, есімі  елге таныс спортшылар,  Азия  және Әлем  чемпиондары мен олимпиада  ойындарының  жеңімпаздары Ермахан Ибрагимов,Бахтияр Артаев,  Мерей Ақшолақов, Ибрагим Ескендір және  ҚР ұлттық  олимпиада комитеті,  Республикалық  хоккей  федерациясының  өкілдері қатысты.

Турнирге   үш  жас буыннан  құралған  командалар  бақ сынады: Көкшетаулық «Арлан», Рудный қаласынан  «Горняк» және «Ақтөбе».

«Жақында ғана қаламызда хоккей спортымен кәсіпқой түрде айналысуға жағдай жасалды. Нәтижесіне куә болғанымызға қуаныштымын. Мұз сарайында құрылған Спорттық мектептер мен «Олимп» хоккей модулі облысымызда мықты хоккейшілерді тәрбиелейді деген сенімдемін, Ақтөбеде хоккей спорты одан әрі дамиды деген үміттемін»- деді облыс басшысы Оңдасын Оразалин.

Оңдасын Сейілұлы  сондай-ақ, «Ақтөбе»  хоккей  командасын  ҚР Жастар  лигасында чемпиондық атаққа  ерте  қол жеткізулерімен құттықтап, республикалық  чемпионаттың  құрметті   Кубогін табыстады. Одан  өзге,  облыс әкімі  жеңімпаздарға автобус, сонымен қатар, облыстық  хоккей  федерациясы  атынан   3 000 000 теңге берілді.

Айта кетейік, сәуірдің 7-сінде облыс әкімінің Кубогында « Ақтөбе» ХК жеңімпаз атанса,  Рудныйлық  «Шахтер» екінші орынды иеленді.

Ақтөбе  облысы әкіміінң   баспасөз  қызметі