АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбеде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин журналистерді төл мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақтөбе облысында тұрақты ақпараттық кеңістік қалыптасқанын, әр БАҚ-тың өз аудиториясы, өз оқырманы, көрермені мен тыңдарманы барын атап өтті.

 

«Журналистер қауымының елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізудегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқарылған жұмыстарды ақпараттандырудағы орны ерекше.

Сонымен бірге, бүгінгі мереке – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда, тәуелсіздіктің мән-мағынасын ашып, халыққа насихаттауда, 30 жыл ішіндегі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзгерістер мен жетістіктерді, рухани-мәдени құндылықтарды жеткізуде бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет», — деді О.Оразалин.

«Ақтөбе» газетінің редакторы Бауыржан Өтеулиев пен сол газеттің жкономика бөлімінің меңгерушісі Мейрамгүл Сатаева, тілшісі Нұрмұханбет Дияров ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

«Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев «Еңбек ардагері» медалін, «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы Айгүл Нұркеева мен «Ақтөбе» телеарнасының редакторы Венера Хакімғалиқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленіп, «Рика ТВ» телеарнасының бас редакторы Марина Васильева, «Диапазон» газетінің тілшісі Альмира Алишбаева, «Жаңалық жаршысы» аудандық газетінің редакторы Егенберлі Әбдіраев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Құрмет»» грамотасын алды.

Жергілікті және республикалық БАҚ-тың қырыққа жуық өкілі облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің және қала әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хаттарына ие болды.