АҚТӨБЕДЕ 106 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК
Ақтөбе облысында 10,6 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 4,6 мың гектары биыл пайдалануға берілмек.
Облыс әкімдігінде өткен шара барысында аймақ басшысы Оңдасын Оразалин пайдалануға берілген және мұның алдында берілген суармалы жерлерді толық игеретін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті. Бұдан өзге, жалпы ауыл шаруашылығына арналған жерлердің оңтайлы пайдаланылуын қадағалауды күшейтуді тапсырылды.
— Мемлекет басшысы қолданылмайтын жерлерді қайтарып алуды тапсырды. Барлық мүмкіндікті пайдалану керек, бірақ жер бос тұрмау тиіс, әсіресе суармалы жерлер бос жатпауы керек, — деді О.Оразалин.