АҚТӨБЕДЕ «ЕСЕП» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Ақтөбеде «Есеп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — рецидивті қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеру.

— Мәселен, бүгінгі таңда ПБ профилактикалық есебінде 3 мыңнан астам адам бар. 1 күннің ішінде учаскелік полиция инспекторлары 70-ке жуық адамды анықтап, ПБ есебіне қойды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 47 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, 17 құқық бұзушыға қатысты сот мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі. Есепте тұрғандар тарапынан 31 қоғамдық тәртіп бұзушылық пен белгіленген шектеулер анықталды, — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.