АҚТӨБЕДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

«Атамекен» өңірлік палатасының ұжымы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өтініші бойынша № 5 қалалық емханасы палата ғимаратында көшпелі егу пунктін ұйымдастырды.

№5 қалалық емханасының бөлім меңгерушісі Гүлайна Изимованың айтуынша, вакцина алу — коронавирус індетіне қарсы тұрудың, өмірдің қалыпты ырғағына оралудың жалғыз жолы.

— Медициналық мекемелерден тыс ұйымдар осындай вакцина алу шараларын ұйымдастырғаны дұрыс. Мұндай шаралар коронавируспен күресу мүмкіндігін арттырады. Көшпелі іс-шаралар кезінде біз вакцинаны сақтауға және тасымалдауға қойылатын барлық санитарлық талаптарды қтаң ұстанамыз. Олар арнайы контейнерлермен тасымалданады, — деді ол.

«Біз бұл індетті тоқтатудың жолы оған қарсы вакцина алу керек екендігін түсінеміз және ұжым болып вакцина алу үшін дәрігерлерді мекемеге шақырдық. Екпе алу — әркімнің өз еркі, қызметкерлер алдын ала емдеуші дәрігерлерінен, терапевтерден кеңес алып, шешім қабылдады. Вакцина алу үшін менде ешқандай қарсы көрсетіліп жоқ, сондықтан, бірінші компонентін алдым», — деді ӨКП қызметкері Руслан Куйшинов.

 

М.Табын