АҚТӨБЕДЕ «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ — БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР
Облыстық полиция департаментінің ұйымдастырымен оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Назар аударыңыз — балалар!» акциясы өткізіліп жатыр.
Аталған шара шеңберінде полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақтарда көше-жол желісіне, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына тексеру жүргізуде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 41 ұйғарым берілген. Қосымша 31 жол белгілері, 5 жерге жасанды жол кедергілері және 310 м2 жол таңбалары салынды.
Полиция департаменті ата-аналардан балаларға күн сайын жолдан өту тәртібін үйретуді және облыс көшелері мен жолдарында қозғалыс кезінде қырағы және мұқият болуды сұрайды. Бұл шара 9-қыркүйекке дейін жалғасады.
М.ТАБЫН.