Ақтөбеде «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Ақтөбе облысының аумағында балалардың құқығын бұзу, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 302 бала жеткізілді, оның ішінде 327 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа балалар еңбегін еңбек шартынсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталып, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсыныс жолданды.