АҚТӨБЕДЕ ЖАҢА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТ АШЫЛДЫ

Әкімшілік сот мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық заманауи стандарттарын ескере отырып, технологиялық инфрақұрылыммен жабдықталған. Онда ақпарат орталығы, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы ссекілді үш аймағы бар фронт-кеңсе жұмыс жасайды. Сонымен қатар медиаторлар, адвокаттар мен прокурорларға арналған жеке кабинеттер бар.

 

 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру мақсатында бірінші кезекте азаматтардың өтініштерін заң аясында сапалы қарау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын. Осыған орай заңнама жобасы әзірленді және «Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» қабылданып, 1шілдеДен бастап қолданысқа енгізіліп отыр.

 

 

Бүгінде өтініш білдіру тәртібін жеңілдету үшін және бақылауды жақсартуға арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Осы жүйемен жұмыс жасау үшін екі ай ішінде жергілікті атқарушы органдардың 2439 қызметкерлері оқытудан өтті. Оған қоса өтініш берушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында 16 фронт кеңсе жұмысын бастады. —деді Оңдасын Оразалин. Өңір басшысы жаңа әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодекстің мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерін тиімді, уақтылы және сапалы қарауына ықпал ететініне сенім білдірді.