АҚТӨБЕЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖАНДЫ БЕЛГІЛЕР» АТТЫ ЕРЕКШЕ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Бұл акцияға Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының қызметкерлері қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер өткелінен азаматтардың қауіпсіз өтуіне жүргізушілердің назарын аударту. Қаламыздың жанданған көшелерінің жиегінде қызметкерлер сағатына 20, 40, 60 км жылдамдықты шектеу белгілерімен және «Жылдамдықты азайтамыз, адам өмірін сақтаймыз» үгіт плакаттарымен шықты. Ал жаяу жүргінші өткелдерінің алдына құлаққаптарды шешіп, ұялы телефонды сөндіріп, жолдан қауіпсіз өтуге арналған жаяу жүргіншілерге арнайы жазулар сызылды.

 

 

Көрнекі мысалдан басқа, жаяу жүргіншілермен және автомобиль әуесқойларымен жүйелі түрде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар таратылады.

Биыл облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 16,3% — ға төмендеген. Жаяу жүргіншілер зардап шеккен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 7 жаяу жүргінші қаза тауып, 72 адам жарақат алды. Ал балалар зардап шекке 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір бала қаза тауып, 52 бала жарақат алған.

 

М.ТАБЫН,

Ақтөбе облысы.