АҚТӨБЕЛІК СПОРТШЫЛАР АЙМАҚ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин олимпиада ойындарына қатысуға лицензиясы бар Нұрқанат Әжіқанов пен оның жаттықтырушысы Орынбай Макеевті қабылдап, жастарға алдағы жарыстарында сәттілік тіледі.

«Жарыстарда жеңіске жеткен, олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар жастарымыздың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосып келеді. Сіздер өскелең ұрпақты бос уақыттарын белсенді өткізуге және салауатты өмір салтына шабыттандырып, оларға өзіңізге деген сенімділікті арттырасыздар. Біз олимпиада ойындарына қатысатын әр отандасымызға жанкүйер боламыз. Жеңіске жетесіздер деп үміттенеміз», — деді Оңдасын Оразалин.

 

 

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов олимпиадалық лицензияны Парижде өткен әлемдік біліктілік турнирінде жеңіп алды.

Әжіқанов тұғырдың бірінші сатысына 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен көтерілді. Сонда жеңіп алған алтын алқасымен қатар Токиода өтетін олимпиадалық ойындарға қатысу үшін кватаға ие болды.

Айта кету керек, каратэ олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.