Ақылды келін !
Осыдан он бес жылдай бұрын еді . Ең жақын көршім келін түсіріп апақ — шапақ боп соңы естен кетпестей тарағанымыз бар . Көршімғой үлкен ұлы Марлен Қостанайдан қыз әкеле жатыр дегенді естіп тұра жүгірдім . Қысқасы көршілермен туыс бауыр жиналып қызметке сақадай сай тұрдық . Сонымен не керек түнгі 11де құрдастары пойыздан күтіп алып Қостанайлық келінді әкеліп үйге кіргізді . Ал ақаңнан сіміріп алған ағам домбырамен ән айтып өзі күліп өзі билеп қуанып жүрді . Қысқасы қазақтың тойы осынсымен кереметқой . Ішетіні бар ішпейтіні бар әп — сәтте қошқардың басын қағып қазанға салдық .Сол түні не болғанын білмеймін түн ауа біз үйімізге тарастық . Ертесіне ел жұрт жиналып бет ашарымыз басталып жаңа келіннің беті ашылды . Бет ашқан заржақ тамада көршіден бастап тұқым тиянағына дейін атын атап олар берген ақшаны қойынғы тығып тайып тұрды . Міне сонансоң қызықтың қызығы болды . Екі жағындағы екі келін жас келіннің жаулығын алып орамалын салды . Мұны көрген жұрт гу ете қалды .
Ойбай құрсын , көтек дейді !
Сөйтсек жаңа түскен келініміздің басында шашы жоқ таза тақырбас . Ол аз десеңіз оң жақ құлақтың түбінен кеткен алашұбар жыланы тағы бар . Сумаңдап барып кеуде тұсына кіріп жоқ болады . Бұған таңырқай қараған жұрт жаға ұстап тарасты . Енді міне қызықтың көкесі басталды . Мынандай келінді көрген көрші ағам біздің үйге қашты . Құрдастары жиналып ақыл айтып айқай басталды . Ағам болса жын ұрып құтырып бастады .
— Шақырда шақыр дейді үйленген ұлды . Әй мынау кім дейді босағаны аттаған бойдан баласына қадалып .
— Папа қойыңызшы не болды сонша қызғой дейді оған баласы .
— Әй әкеңнің аузын ұрайын қыз екеніне уверенсыңба сен дейді әкесі . Ұялған бала не десін басын бұғып тұр .
— Пап қойшы енді дейді . Оны тыңдайтын әкеме :
— Шақыр шешеңді , жаның барында шақыр тез . Әй Бинаш қайдасың деп айқайға басты . Оған достары басу айтып қой деп жатты . Көрші ағам қойсынба :
— Әй әкеңнің аузы сенің , қайдан таптың мына қызды деп балаға қайта шүйлікті . Сол аралықты жүгіріп Бинаш жеңешем жетті . Ендігі ағамның сөздері жеңешеме бағытталып жатты :
— Әй қатын , мына қызды қайдан тапқан мынау дейді . Жеңешем не десін үнсізғана балаға қарады . Енді бала ашуға мінді .
— Агенттен таптым агенттен дейді әкесіне қадала қарап . Мұны естіген әкеден ес кетті .
— Әй ит , агенті нес ойбай . Әй қатын мына менен туған бала агенттіктен қатын әкелсе онда мен өле салайын . Ойбай Ғани құй жүз грамм құй келіннің шашы көз алдымнан кеткенше ішейін дейді . Оған мен құямынба қойыңызшы деймін . Енді аһ — уһ деген көршім онан сайын ақылдан азды .
— Әй иттіңғана баласы . Мына қыз өзі қазақпа қазақша білема дейді .
— Білмеседе түсінедіғой пап дейді баласы .
— Ойбай ай Бинаш . Ана келіннің басына шаш шыққанша мен үй көрмеймін . Айтқаным айтқан дегенім деген бітті барыңдар боссыңдар дейді . Оған жеңешем жалынып әлек .
— Қойшы енді үйге жүрші масқара қылмай дейді . Ағам бара қойсынба бұл сөзге бала ұялып кетуге асықты . Оны әке жібереме :
— Тоқта сен тоқта . Анау мойнындағы не пәле ол ойбай — ойбай дейді ойбайлап .
— Ол кәдімгі татуажғой тату дейді баласы барынша түсіндіріп .
— Әй күшік , тату патуыңды білмеймін . Таң атқанша өшетін болсын . Ал қалай өшіресің ісім жоқ . Қырасыңба , жұласыңба , жалайсыңба қайтсеңде өшіресің бітті дейді . Енді жеңешем ашу шақырды .
— Әй алқаш , оттамай жөніңе отыр . Үйге бармасаң терісіңнен бар . Кеттік балам кеттік деп кетуге ыңғайланды . Мына сөзденсоң көрші ағам тағыда от алды :
— Ғани ай құй деймін саған құйшы , қорқып барам , келіннің мойнындағы жыланнан қорқып барам , құй дегенсоң құйшы братішке дейді . Мен сондада құймаймын . Мас ағам тағыда жын ұрып кетті .
— Әй иттің баласы дейді ұлға . Әй ит ! Шашы жоқ екенін көре тұра әкелдіңбе мынаны дейді . Қоянды да қуа берсең батыр болады дегенғой енді ұл қаттырақ сөйледі .
— Ия көрдім , фотода шашы бар еді , барсам жоқ . Сондада әкелдім дейді . Мұны естіген көршім талып түсті . Өзі құйдыда ақаңнан тартып — тартып жіберді . Сонансоң аузынан ақ көбік атып көкірегін ұстап жата кетті . Енді шеше балаға қарады бала шешеге қарады . Қарамай қайтсін екеуі де отпен судың ортасында қалды . Бірақ бұл көпке бармады .Тезде жан біткен ағам қолына домбырасын алып әнге басты .
Бинаш қатын оңбасын
Құдай өзі қолдасын
Арманда ұлың қалмасын
Бар өзің бар қарап тұр
Мына далбан балаңды
Жылан шағып алмасын … ля ля ля дейді .
Мұны естігенде бәріміз еріксіз күлдік . Соңынан арақ құйдық . Ыстақандар қайта соғысты . Ұлмен қатын өз үйлеріне кетті . Ал араққа тойып алған үш құрдас біздің үйде қонып ертесіне кетті . Арадан айлар өтті , жылдар өтті . Келіннің шашы өсіп әп — әдемі келіншек болды . Мини юбкасын тастап көйлек киді . Бірінен соң бірін екі ұлды туып берді . Жәймен — жәймен қазақша сөйлейтін болды . Осылайша той соңынан той болды . Келін сол отбасының гүліне айналды . Әупірімдеп жүріп оқуын бітірді . Осы күні мектеп директорының орынбасары болды . Бәрін айтта бірін айт өте бақытты отбасы болды .
Ең бастысы алқаш ағам арағын қойды !
Жеткізген Ғани Әлихан