Әр әйелдің қуаты түгесілетін мезгілі болады. Әйелдің қуатын еселейтін тәсілдер туралы сөз қозғасақ.
1. Массаж. Уқалау маңызы. Әйелдің тәні үнемі қозғалып, қимылдап тұруы керек. Әйтпесе, қуаты бір жерде тұрып қалып, денені ауру етеді.
2. Шаштаразға бару. Әдемі шаш тек көңіл көтеру емес. Әйелдің шашы оның ойының айнасы іспетті. Шаш әйелдің көркі. Оған ерекше күтім керек.
3. Маникюр. Әдемі қолдарды сүйе бергің келеді! Дейді екен ерлер қауымы. Қызыл түсті лак жағылған тырнақтар жетістік пен сұлулықты тартады екен.
4. Өзге әйелдермен араласу. Өзара қуат алмастырудың мәні бар. Еркекке өзін тануға тыныштық керек. Әйелге керісінше сөйлесу қажет. Өзге әйелдермен әңгіме-дүкен құру арқылы өзін тани түседі.
5. Ұзақ сөйлесу керек. Телефонмен болса да. Бұл уақыт өлтіру емес. Сөйлесу — әйелге керекті қуат көзі. Сөз әйелдің ішінде жиналып қалады. Соны шығармаса, еріне қиын болады. Күйеуге сөйлеу жақсы амалдардан емес.
6. Серуендеу. Әйел күніне бір рет болса да сыртқа шығып, таза ауамен тыныстауы керек. Отбасының ұйытқысы әйел десекте, оған табиғатпен қарым-қатынас өте маңызды.
7. Музыка. Күнделікті саз тыңдау қажет. Дәстүрлі, классика. Жалпы ұнайтынын тыңдай беріңіз. Таңертең шай ішкенде құлақ құрышын қандырар саз тыңдауды әдетке айналдырыңыз.
8. Сұқбаттасу мен ойлану үшін күрделі тақырыптарды айналып өту. Әйелге кейде ұшқалақ болып, әр түрлі ұсақ-түйекті ойлау пайдалы. Кішкентай қыз сияқты көріну оған жеңілмес жастық шабыт сыйлайды. Әсіресе, іскер әйелдер үшін осы қабілет маңызды. Жұмысты жұмыста қалдырып, үйге тек қуаныш әкеліңіз.
9. Түрлі шөптесіннің жұпарларын, майларын қосып суға түсу. Бұл еркелік емес, қажеттілік! Тәніңізге көңіл бөлсеңіз, артынша өзіңіз таңданарлық жағдайға көз жеткізесіз.
10. Медитация. Кез келген босаңсыту үдерістері іспетті нәзікжандардың өзіне тән қуатын арттырады. Күнделікті ұйқы алдында медитация жасау керек. Табиғат аясында жасалатын медитация да пайдалы.
11. Ән салу сабағы. Ән салу тамақтың чакрасын ашады. Ән салған адам ұрысқысы келмейді. Ерлерге деген мейірім оянады. Баяғы замандағы Спартада әйелге арнап айтылар мақтаудың бірі «ән сияқты екен» деген сөз болыпты.
12. Дүкен аралау. Жаңа заттарға көз салу ғана емес. Ақша жоқ болса да дүкен аралау керек. Кей киімдерді киіп көріңіз. Өз сымбатыңызға сүйсініңіз. Әйелдің қуаты шексіз екенін есте сақтаңыз. Кейбір затты жәй ұстап көру ғана жеткілікті. Көп ұзамай ол сіздің қолыңызға түседі. Оны алатын ақша да өз-өзінен пайда бола кетеді.
13. Психологқа қаралу. Міндетті түрде дәрігеріңіз әйел болсын! Көргені көп, тәжірибелі әйелдің сізге айтар ақылы көп болмақ. Қазіргі қиындыққа басқаша көзбен қарауға үйретеді. Даналық жасы келген әйелдерден беріледі. Сондықтан аналармен, әжелермен араласу, олардың сөзін тыңдау маңызды.
14. Билеу. Әйелдің қуаты мен тартымдылығына септігі мол. Әсіресе, арапша билер, латын билерін меңгеру қызық.
15. Йога. Йогамен шұғылдану сананы тынықтырып, күш береді. Мүмкін болса тұрмыс құрған әйелден сабақ алған дұрыс. Ер адам ұстаздық етсе, онда ол тек салмақ салуға басымдық береді. Қуатты нәрлендіруді үйрете алмайды. Себебі, ол ер адам.
16. Үнемі құрбылармен бастаңғы жасау. Бірге жиналған кездерде әйелдердің қуаты артады. Қуат алмасады. Жетіспей тұрған қабілет ашылады.
17. Гүл өсіру. Үйде гүл өсіруді қолға алу. Бұл да әйел қуатын күшейтетін тәсіл. Гүл ашқан өсімдік әйелге ұқсайды. Оны өсіру әйелдің де қуат-күшін арттырады.
18. Күйеуі бар құрбылармен араласу. Күйеуге шыққысы келетін қыздарға маңызды. Отбасы қуаты өте басалқы қуат көзі. Тек отбасылы құрбылар жиналатын кездесулерден бас тартудан асықпаңыз. Мұндай кездесуден соң сізге көңілі ауатын жігіттер кездесіп қалуы мүмкін. Түнгі клубта уақыт өткізуден гөрі отбасы мерекесіне бару пайдалы.
19. Көмек. Қол ұшын созу немесе көмек сұрау. «Мен өзім» деген ұстанымнан бас тартыңыз. Бұл ерлерге тән мінез.
20. Кітап дүкеніне жиі бару. Кітап толы сөрелерді аралау әйелге күш-қуат сыйлайды. Апта сайын дүкенге баруды әдет қылыңыз. Әйел – білім сақтаушысы. Ал, кітап – білім бұлағы. Дұрыс кітаптарды таңдаңыз. Әйелдің санасын жетілдіретін кітаптарға көңіл бөліңіз.
21. Ерлерден көмек сұрау. Кез келген қамқорлық әйелді нәзіктендіре түседі. Тәжірибе жасап, бейтаныс азаматқа сөмкеңізді көтерісуді сұраңызшы. Көңіл күйіңіз — 100% көтеріледі!
22. Оқу. Жақсы кітап оқыңыз. Адамдардың тағдыры туралы кітаптар көп әсер етеді. Өзгенің тағдырына қарап өзіңді жақсы түсіне бастайсың.
23. Үйдегі міндеттерді бөлісіп істеу. Жақындарыңызға кей міндеттерді бөліп беріңіз. Сеніп тапсырыңыз.
24. Аспаздық. Тамаққа қатыстының бәрі әйел қуатын күшейтеді. Әйел – асхананың егесі. «Қатын қайраттанса, қазан қайнатады» деп бекерге айтылмаса керек. Әйел тамақтандырып, ас-су беруге шебер. Тамақ пісіре алмайсыз ба? Үйреніңіз. Білсеңіз – ас мәзірін байыта түсіңіз. Басқа елдің асханасын зерттеп, зерделеңіз. Махаббатпен ас даярлау қуаттандырады.
25. Үй – жай ғана пәтер емес. Үй мен әйелдің ортасында ерекше байланыс орнайды. Сықырлаған есіктер, тырс-тырс тамған су әйелдің қас жауы. Әйел үшін бұл салақтық қана емес, оның күшін жұтып қоятын түпсіз тесіктер. Дегенмен, мұндай ұсақ-түйекке еркекті мазаламай-ақ қойса балады. Неге? Еркек ауқымды ойлайды. «Бүкіл кафель жарамсыз болып қалғанда бәрін тұтас ауыстырам. Текке қабырғаны сылай бергеннен не шығады» деп. Ұсақ-түйекті жөндеушіге жасата салуға болады. Бірақ күйеуіңізге оның қолы тимегендіктен жасатып қойғаныңызды ескертіңіз. Еркектің өзін бағалауы өте нәзік тақырып.
26. Жоспарлау. Бітпеген іс пен күдік әйелді бұзады. Оған нақты жоспар керек. Өзінің қуатын сақтаудың басты шарты. Ұсақ-түйекті жоспарлап үйреніңіз. Содан кейін айларға, жылға жоспар құрып дағдыланасыз. Ертең кешке не істейсіз?
27. Мерекелік кеш немесе шырақ жағып керемет кешкі ас ұйымдастыра білу керек. Бұны сүйіктісінен гөрі әйел өзі үшін көбірек жасайды. Ерінің қызығушылығын арттыруға осылай тосынсый жасап тұрған артық емес. Сыйқырлы сәттерді сыйлай біліңіз. Өзіңізді де, жақындарыңызды да қуанта білу ғажап қой.
28. Баланы оқыту, тәрбиелеу. Баланы тәрбиелей жүріп әйел өз қуатын күшейтеді. Баламен қосылып ойнағаннан қашпаңыз. Қолыңыздан келген нәрсені үйретіңіз: сурет салу, ән айту, билеу.
29. Әртістік сабағы. Әйелдің әлемі – көңіл күй сахнасы. Сахнада түрлі рөл сомдап жүріп, өзіңді жақсы түсініп қана емес, әр түрлі жаман әдеттен арылып, жақсыға бой үйретуге болады.
30. Табиғат аясына сейіл. Достармен шығу шарт. Әйел қуатын көтеретін бірнеше себеп бар: бірігу, табиғатта серуендеу, ас даярлау.
31. Макияж. Өзіңе күтім жасау. Еркекке ұнау үшін емес. Ең алдымен өзіңе ұнау үшін. Үйде жүргенде неше түрлі шаш үлгісін жасап көру, боянып тәжірибе жасау, әдемі көйлектерді киіп көру, айна алдында өзіңді керемет сезіну әйелге ләззат сыйлайды.
32. Гүл сыйлау. Өзің гүл сыйлау. Қуат-күшті өсіретін бір себеп ол – гүл. Гүл әйелді көріктендіре түседі. Олар бірден барлық жағымсыздықты жояды. Әйелдің бойындағы ашуды бойына сіңіріп алады. Сондықтан көңіл күйіңіз түссе, жылауға асықпаңыз, өзіңізге гүл сыйлаңыз.
33. Көйлек пен белдемше. Мұндай киім үлгісі әйели қуатты нәрлендіреді. Нәзік етеді. Алғашқы жеті кездесуге шалбар киюге болмайды деген шарт бар. Әрине, егер ол адамда ойыңыз болса. Үнемі шалбар кию әйелдің жыныс мүшелеріне кері әсер етіп, дертке шалдықтырады.
34. Жас аналар клубы. Балаңыз жас болса, сондай баласы бар аналармен араласыңыз. Бұл тәжірибе алмасу ғана емес, қуат алмасу. Ана болу Айға айналу, ал айдың нұрына шомылу әйел қуатын еселейді.
35. Балаға қамқорлық. Күйеудегі құрбыңыз баламды қарап бер десе, басыңызды алып қашпаңыз. Қамқорлық таныту әйел үшін қуаттанудың бастауы. Ең бастысы, еркекке бала сияқты қарамау.
36. Қол жайғандарға нан беру. Қайырымдылық – жақсы қасиет. Ол айдан алатын қуатты күшейтеді. Жұрттың бәріне көмектесу шарт емес. Сіз қуаныш сыйлай алатын адам жаныңыздан да табылар. Жалғызілікті көршіңізге жеміс апарып беріңіз. Жолы түскен қонаққа дастарқан жайыңыз.
37. Араласу. Әйелге өзгелермен араласпай қалу өте қиын. Әңгімеден күш алады. Тек айтылатын әңгіме өсек емес, тәуір әңгіме болғанын қадағалауды ұмытпағайсыз.
38. Романтикалық кино. Құрбыңызбен бірге киноға баруға келісіңіз. Махаббат туралы жақсы кино әйел үшін ұтымды пайдаланған уақыт болмақ. Бірақ оны басқа әйелдермен бірге көрген қызық әрі пайдалы.
39. Жаңа мәдениетті зерттеу. Адамның танымын кеңейтеді. Әйелге іште сыр сақтай бермей, өз әлемінен сыртқа шығуға итермелейтін әдіс. Әйел қуаты сыртқа шығуы тиіс. Оны алтын торға қамай берген жөн емес.
40. Қайнар бұлақ. Өзен, көлдегі демалыс – қуатыңды күшейтудің керемет тәсілі. Су – әйелдің тартымдылығының негізі, оның өзімен үйлесімділігін арттырады, жағдайға бейімділігін еселейді немесе ойын ашық айтуға бейімдейді. Ежелгі гректер Афродитаның ғибадатханасында сұлуларды суға жүзуді үйретуді міндет санаған.
41. Ағзаға салмақ салу. Күш-қуатыңыз азайғанын сезсеңіз, жаңа спорт түріне ден қойыңыз. Бұрын жасап көрмеген фитнес қана емес, жай ғана таңертеңгілік жүгіру де жарай береді. Бидің пайдасы зор. Егер жақсы көретін адамыңызбен айырылыссаңыз, оны ұмытудың ең жақсы тәсілі, биге жазылу.
42. Көйлектер. Әдемі көйлек – қуатыңызды арттыратын бастаудың бірі. Тек бір жаққа бару үшін әдемі киінбеу керек. Үйде де әдемі киініп жүріңіз.
43. Ескіден құтылу. Ескі заттар, қоқыс пен шашылып жатқан дүние әйелдің күшін жеп қояды. Күрделі жағдайды бастан кешіп жатсаңыз, онда тазалықпен айналысыңыз. Қоқыстан құтылыңыз.
44. Саламатты өмір салты. Жаман әдеттің бәрі кері әсер ететінін айтып түсіндірудің қажеті бар ма екен? Оның барлығы әйелдің сұлулығы мен қуатына әсер етеді. Тек темекі тартуды ғана жаман әдет деу аз. Жалқаулық пен ашушаңдық дегеннен де тезірек құтылыңыз.
45. Поэзия. Өлең оқу әр әйелдің «менін» ашуға көмектеседі. Егер жазарыңыз болса, өз өлеңдеріңізді де жаза бастаңыз. Қағаз бетіне барлық көңіл күй мен ынтызарлықты қалдыруға тырысыңыз. Дұрыс ұйқас әдемі сөйлеуге бейімдейді. Жағымды ойларға жетелейді.
46. Құстар мен жануарларды тамақтандыру. Қуат алудың ең бір жеңіл тәсілі. Терезе алдында құстарға нан тастайтын жер әзірлеңіз. Құстарды үйде ұстауға да болады. Шымшық ұстасаңыз, ол сәтті күйеуге шығуға септеседі.
47. Мұражай мен көрмелерге жиі барып тұрыңыз. Барлық сұлу заттар әйелді сұлу етеді.
48. Ұстазбен сөйлесу. Өзіңіз сүйіп оқитын адамның лекциясына барып, тыңдап көріңіз. Тренингтерге қатысыңыз. Кітаптар сізге керекті білімді береді. Дегенмен автормен кездесудің әсері бөлек. Одан алатын қуатыңыз ерекше болмақ.
49. Күнделік жазу. Өз ойыңыз бен тілектеріңізді қағаз бетіне түсіруді ұмытпаңыз. Күнделік бетіне сурет салуды әдет қылыңыз. Сезімдеріңіз өте маңызды. Оларды жазып отыру маңызды. Эмоцияның қуатын ішіне жинаған әйел оны қарсы алдында шай ішіп отырған күйеуіне шығарады. Бұның жақсы еместігін білу керек. Ойды жазу олар туралы сараптап отыруға мүмкіндік береді.
50. Сурет альбомы. Оған ең күшті суреттеріңізді жинап қойыңыз. Өзіңізге қарап сүйсінуден талмаңыз. Сіз әрдайым сүйкімді екеніңізді біліп жүріңіз!
51. Тілек анықтау. Өзіңізге арнап жақсы тілектер таңдаңыз. Нені қалайсыз, қарым-қатынастан не күтесіз. Мен істей аламын дегеннен қашыңыз. Істеу еркектің міндеті. Еркектер айтады: мен оны жаулап ала аламын, мен оған үйленемін деп. Ал, әйел осылай ойласа ол еркекшора бола бастайды. «Мен сұлу болғым келеді, оған ұнағым келеді, тұрмысқа шыққым келеді» дегенмен «мен үйленемін, мен сұлу боламын» дегенді салыстырып көріңіз.
52. Ыстық лебіздер. Қысымсыз, дөрекі емес сөйлесуді үйреніңіз. Әйелдің әдемі, майда тілмен сөйлеуден күші еселенеді. Бейпіл сөйлеу әйелдік күшін жояды.
53. Тіл алу. Салғыласу, сөз жарыстыру сияқты әрекеттер әйел күшін ұрлайтын тірліктер. Жұмсақ әрі қарым-қатынасқа ашық болыңыз. Ұрысып жүріп еркекті байлап ұстау әйелдің болмысын бүлдіреді. Еркек мұндай әйелді қаламайды. Ол өз іс-әрекетімен оған өзін еске салып тұрады.
54. Төсек қатынасында өте талғампаз болу. Егер әйел бірнеше еркекпен қатар кездесетін болса, ол тез босап қалады. Тек сүйетін адаммен ғана бір болыңыз. Күйеуіңіз бар болса, оған адалдығыңызды сақтаңыз. Бір таныса салып төсектес болудан бас тартыңыз. Ер адамды қызықтыру үшін көп уақыт керек. Көп қуат кетеді. Оны төсекке шашып алмаңыз.
55. Тазалық. Үйіңіз, тәніңіз, санаңыз сау, әрі таза болсын. Үйде уақтылы тазалық жасаңыз. Өткен өмір туралы жаман ойларды сақтамаңыз. Қуат-күшіңізді көтеру үшін суға түсіңіз. Тазалық күш береді.
56. Өзіңізді махаббатпен толтырыңыз. Өте маңызды нәрсе. Егер әйелдің жүрегі махаббат пен мейірімге толы болса, онда оның күш-қуаты тасиды. Егер сезімі болмаса, онда еркекке де ештеңе бере алмайды. Одан да зоры болуы ықтимал. Ол күшті еркектен ала бастайды. Бұл еркектің тығырыққа тірелуі. Жұмыссыздық. Қаражатсыз қалуы басталады. Дерт меңдейді. Жүрегіңізді сезімсіз қалдырмаңыз. Оны үнемі толтырып отырыңыз. Әйел беретін жақ. Ол не істесе де махаббатпен істеуі керек.
57. Қолданбалы өнермен айналысу. Тоқу, тігу, ойып жасау. Өз қолыңызбен не істей алсаңыз, соны жасаңыз. Әйелдің қуатын арттыратын істер.
58. Өзіңізге және өзге әйел затына мақтау айта жүріңіз. Жақсы сөз жарым ырыс. Жағымды сөз әйелді мықты ете түседі. Өзге әйелдер туралы жақсы сөз айту қиын болса, үндемей қоя салыңыз. Бұл мәселені шешуге тырысу керек. Өзге әйелді қабылдамау енемен, шешемен, әпке-сіңлімен ынтымақты болмауға әкеледі.Татулыққа бастаңыз.
59. Кез келген сәтті, жағдайды махаббатпен қабылдау, бөлісу. Жақындарыңызды құшақтап, сүйіп қойыңыз. Оларға тек жылы сөздеріңізді айтыңыз. Басқа адамдарға да тек жылы қабақ танытыңыз. Күнге де, желге де, жаңбыр мен іштегі мұңға да тек жылы сөз айтыңыз. Мұң деген әйелдің ең басты ұстазы. Кез келген жеккөрушілік пен күрес әйелді қаңсытып тастайды.
60. Гүл шоғын жасауды үйреніңіз. Гүлмен жұмыс істеу әйелге қуаныш сыйлайды. Жаңару, жаңғыруға бастайды.
61. Дұрыс тамақтану. Өңдеуден өтпеген тағамдарды тұтынуға назар аударыңыз. Бақшада өсіп тұрған алманың қуаты қандай екенін еске түсіріңіз. Гамбургер жеп көріңізші содан соң. Айырмашылық сезіле ме?
62. Еркелеу. Еркелеу әйелге тән қылық. Жиірек еркелеңіз. Сонда өзіңізді түсінуге тырыса бастайсыз.
63. Оңаша қалу. Үйде жалғыз қалатын сәттерден шошымаңыз. Күйеуге тек жалғыздықтан қашып шығуға болмайды. Жалғыз болған сәттеріңізді өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Етеккір келген күндерде әйел тек өзін ғана ойлайды ғой. Бұл табиғаттың жасап берген жеңілдігі.
64. Жұмсақ ойыншықтар. Егер әлі күнге дейін жұмсақ ойыншық құшақтап жатқанды жақсы көрсеңіз, ол үшін ұялмаңыз. Әйелге жалғыз жатуға болмайды. Егер сезім мен қамқорлық жетіспесе, өзіңізге жұмсақ ойыншық сатып алыңыз.
65. Айдың қуатымен жұмыс істеуді үйреніңіз. Айлы түнде далаға шығып жүріңіз. Айдың нұрымен ішетін суды қуаттандырыңыз. Оны сосын шомылған кезде пайдаланыңыз. Айдан көмек сұраңыз. Әйелге тән дерттер мазалаған кезде оның көмегі көп.
66. Себепсіз сыйлық. Өзге бір адамға тосынсый жасаңыз. Содан өзіңіз мәз боласыз. Әйел беруші жақ. Берген сайын толыса береді.
67. Қайырымдылық. Қуатпен бөлісу. Егер көмектесе алсаңыз, жасаңыз. Еш тартынбаңыз.
68. Шашыңыздың түсін өзгертіңіз. Егер өміріңіз бір сыдырғы, өзгеріссіз болып кетсе, онда бастан аяқ өзгеріңіз.
69. Жұпар иіс. Сізден үнемі әдемі иіс шығып тұруы керек. Әйел – ол гүл. Жаңа әтір әйелдік қуатыңызды күшейтеді.
70. Арлы болыңыз. Өзіңіздің өзгешелігіңізге сеніңіз. Әйел – жаратушы жасаған ең ғажап керемет. Сіз ғажапсыз! Сіз сұлусыз! Өйткені, Сіз әйелсіз!
Руслан Нарушевич
Аударған Шынар Әбілдә