Әр баланың мектепке дайын болуына барлығымыз жауаптымыз
Ауданда «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 24 мектептен 87 отбасының 94 баласына 1 370 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Әкімдікке қарасты барлық мекемелер мен ауылдық округ әкімдігі, «Amanat» партиясының филиалы тарапынан 125 балаға
4 070 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілсе, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Досбол Жылқыбаев 181 балаға 4 525 000 теңгеге оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер таратты.
Бүгін өз тарапымнан көмек көрсетілген отбасыларға арнайы барып, оқу жылына дайындықтарын бақылап қайттым. Ата-аналардың уәжін тыңдап, қажетті заттарды толықтырдық.
Айта кету керек акция аясында атқарылған жұмыстар тек мұнымен шектелмейді.«Қазақстан халқына» қорына тағы да 800 баланың тізімі жолданып, жуық арада көмек көрсетіледі деп күтілуде.
Әр баланың мектепке дайын болуына барлығымыз жауаптымыз.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі