Әр минут қымбат болған кезде…
Электр тоғының соғуы салдарынан жүрек пен тыныс алу ұстамасы салдарынан өмірі қауіпке ұшырған 30 жастағы ер адам жедел жәрдем диспетчерінің телефон арқылы айтқан нұсқауларының арқасында аман қалды.
Бұл оқиға 31 шілде күні Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында болған. Сағат 14: 46-да «103» Call – орталығының пультіне 1.1 — «ес-түссіз, тыныс алмайды, ток соғуы»ауруымен ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін шақыру тіркелді.
Оқиға орнына «Көмек» АБЖ арқылы дереу №30 медициналық бригада жіберілді. Ол жолда келе жатқанда «103» қызметінің диспетчері Роза Жолдасбаева «қоңырауды ұстап қалу»шарасын жасайды. ҚР ДСМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМҚК бекіткен алгоритмге сәйкес, ол зардап шегушіге қалай көмектесуге болатыны туралы қоңырау шалушыларға нұсқау береді. Жедел түрде реанимациялық шаралар басталып, олар сәтті өтті. Диспетчердің ұсыныстарының арқасында пациенттің 15-17 минуттан кейін пульс пен тыныс алуы қалпына келеді. Осы уақытта Дүйсенбай ауылының фельдшері жедел жәрдем тобымен келеді. Дәрігерлер науқасты қарап, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Өмірлік маңызды қызметтер тұрақтанғаннан кейін, пациент әрі қарай ем қабылдау үшін Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізіледі.
Бұл жедел жәрдем диспетчерлерінің адам өмірін сақтап қалуда көмектескен бірінші жағдайы емес. «Қоңырауды ұстап тұру» әдісі басқа жағдайларда да өзінің тиімділігін көрсетуде. Бұл іс-шара бойынша 103-тің маманы медициналық топ келгенге дейін не істеу керектігін айтады. Бұл конвульсиямен, жүрек ауруымен, жоғары қысыммен, уланумен және тіпті үйде босанумен байланысты жағдайларда қолданылады. Себебі, бұл уақытта әрбір минут, әр сәт -пациент өмірі үшін өте маңызды.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі