Әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»
Қасым — Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.
Осы орай айта кетсек:
Талас ауданының білім бөліміне қарасты 35 мектепте 5284 (жекелеген санат бойынша 1-11 сынып – 2847, жалпы 1-4 сынып — 3654) бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған (1-4 сыныптарды қоса алғанда).
Оның ішінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысындағы санаттарға сай І-санатта – 431, ІІ-санатта – 2301, ІІІ-санатта – 36, IV-санатта – жоқ, V-санатта – 79 бала бар.
Бөлімге қарасты 2 бастауыш мектептерінде (Ақтөбе бастауыш мектебі – 5 бала, №1 Ферма бастауыш мектебі – 9 бала) асхана жоқтығын ескере отырып, жақын орналасқан мектептерден дайын тамақты тасымалдау үрдісі арқылы тамақтануда.
Маақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы