Әрбір дауыс – маңызды

Бүгін 6 қазан- Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Мемлекет басшымыз еліміз болашағы үшін, халқымыздың жағдайын жақсарту үшін батыл шешім қабылдап, референдум өткізуді мақсат етті.
Міне бүгін бүкіл халықтық референдумда мен де өз таңдауымды жасап, өз азаматтық парызымды орындап, еліміз болашағы үшін дауыс бердім✅
Әрбір дауыс – маңызды.
Бұл тек жеке таңдау емес, еліміздің ертеңі үшін жасалған қадам.
Бірлік бар жерде – тірлік бар, ал біздің дауысымыз ортақ мақсатқа жетуге деген сеніміміздің айғағы.
Сіздерде шет қалмаңыздар! Болашақты бірге құрайық!

Эльмира Койлыбаева