Әрбір мұсылман білуі тиіс 15 сөз
- «Биссмилләһ!» — «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.
- «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» — «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.
- «Аллаһу Акбар» — «Алла Ұлық» — Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.
- «Субханналаһ» —«Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.
- «Әлхамдулилләһ»— «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.
- «Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады.
- «Инша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.
- «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил».– «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.
- «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим». «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» — деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.
- «Астағфируллаһ»– «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.
- «Аллаху Мустаан»— «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.
- «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун»— «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.
- «Әмин»– «Дұғамызды қабыл ете гөр»
- «Баракаллаху фика»– «Алла Тағаланың разылығы болсын! » – рахмет айту ниетімен қолданылады.
- «Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм»– «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.