Әрбір мұсылман ерлі-зайыптылар білуі тиіс дұғалар
Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Осы орайда отбасы тыныштығының ұйытқысы болатын төмендегі дұғалар мен зікірлердіmuslim.kzсайты ұсынады.
Үйленгенде айтатын дұға
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)«Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!»
Үйленген кісіге айтатын дұға:
«Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!»
«Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»
Жыныстық қатынасқа түсердің алдында айтылатын дұға
Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», – деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».
«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на».
Перзент сұрайтын дұға
Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят).
«Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа»
Салихалы әйел мен бала сұрайтын дұға
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».
«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»
Салихалы ұрпақ сұрайтын дұға
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).
«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»
Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын» (Табарани)
(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).
Баланы барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұға
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез-келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:
Ибн Аббастан (р.а.). Ол: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).
Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде дем салуы
Айшадан (р.а.): «Алла Елшісі біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.
Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі ﷺ: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).
Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға
Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.)былай деп жиі айтатынын естіген:
«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)
(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну
Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».
Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және
кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақтықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам».
Ризық сұрау
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».
Базарға кіргенде айтатын дұға
Алла Елшісі (с.ғ.с.)айтты: «Кімде-кім базарға келіп: «Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ, Ол жалғыз және Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Ол өлтіреді және тірілтеді, ал Өзі ешқашан өлмейтін тірі. Жақсылық Оның қолында және Оның күш-құдіреті барық нәрсеге толық жетеді» деп айтса, Алла оған миллион істің сауабын жазады және оның бойындағы миллион күнәні кешіреді, оны миллион баспалдаққа көтереді және Жәннаттан үй тұрғызады деген.
«Лә иләһа илләллаһу уахдаһу лә шәрика ләһу. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, йухйи уә йумит, уә һууә Хаййун лә йәмут, биядиһил-хайр, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир» (Тирмизи, Ибн Мәжаһ).
Ыдыс-аяқтың бетін жауып жүріңіздер
Жәбир жеткізген хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер түн болса» (немесе «түн келсе»),-деп әңгімесін бастап әрі қарай «балаларыңызды жатқызыңыздар, себебі сол кезде шайтан өріп кетеді. Түннің бір сағаты өткеннен кейін балаларды демалдырып, есіктің ілмешегін іліп, Алланың есімін аузыңа ал. Сосын шамды өшіріп, тағы да Алланың есімін аузыңа ал. Қапшықтың аузын кымтап, Алланың есімін аузыңа ал. Ыдыстың бетін жауып, Алланың есімін аузыңа ал. Тіпті бұл амалды орындауға бір нәрсе бөгет болса да оны орындау керек» дегені риуаят етілген.
Хадиске сай, кешке аузы ашық ыдыстарды жауып жүріңіз. Аузы жабылмайтын ыдысқа зат салсаңыз, не ұмытып кетсеңіз, үстіне қолыңызды қойып, «Бисмилләһ» деп айтыңыз.