{:kk}«БӨРТЕ МИЛКА» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЕЛОРДАНЫҢ НҰР-СҰЛТАН АТАНҒАНЫН ҚОЛДАЙДЫ{:}{:ru}РАБОТНИКИ ПРЕДПРИЯТИЯ «БОРТЕ МИЛКА» ПОДДЕРЖИВАЮТ ПЕРЕИМЕНОВАНИЕ СТОЛИЦЫ В НУР-СУЛТАН{:}
{:kk}
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы өкілеттілігін тоқтату жөнінде қабылдаған шешімі мен үшін күтпеген жағдай болды. Ширек ғасырдан астам уақыт мемлекетті басқарған Елбасының кеше ғана тәуелсіздік алған Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, дамыған елу елмен терезесін теңестірудегі сіңірген еңбегі орасан зор.
Әрине, бұл өмірде ешнәрсе де мәңгілік емес. Алдыңғы толқынды кейінгі толқын ұрпақ алмастыратыны табиғи заңдылық. Сол үшін Президенттің билік тізгінін өз қалауымен тапсыруы Елбасының көрегенділігінен туған шешім деп қабылдадым.
Мемлекет басшысының ел дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қандай жақсылық болса да оның бастауында Елбасы тұр. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі еңбегінен бөлек, сыртқы саясатта да Президенттің салмағы ауыр. Халықаралық ахуалдар Елбасының бітімгерлігімен шешілгені аян. Оған Сириядағы, Украинадағы жағдайларды мысалға келтірсек жетіп жатыр.
Қуанарлығы, Нұраға президенттік қызметтен бас тартса да, еліміздің саяси өмірінде бұрынғыдай Қазақстанның болашағын қалауға еңбек сіңіре береді.
Нұралы ӘБІШ
облыстық мәслихат депутаты,
«Бөрте Милка» ЖШС директоры
{:}{:ru}
Решение, принятое первым президентом Казахстана Нурсултаном Назарбаевым о прекращении полномочий Президента стало для меня неожиданным. Возглавлявший более четверти века государство, елбасы внес весомый вклад в развитии нашей страны.
Мы все понимаем, ничто в этой жизни не вечно. Ведь смена поколений – закон природы. Решив сложить полномочия Президента Казахстана Н. Назарбаев поступил мудро.
Помимо его труда по обеспечению внутренней стабильности, президент имеет большой внешнеполитический вес. Как известно, международные ситуации решены под миротворческим руководством Главы государства. Этому доказательство – случаи в Сирии, Украины.
Поэтому, работники нашего предприятия поддерживают переименование столицы в Нур-Султан. Я думаю, что назвать нашу столицу с именем главы государства – это оценка его заслуг.
Нуралы ӘБІШ,
Депутат маслихата Туркестанской области
Директор ТОО «Борте Милка»
{:}