АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Ардагерлерін ардақтаған ел ешкімді де ешқашан ұмытпайды.
Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің даңқымыз, біздің мақтанышымыз!
Алғыс күнінде Игілік ауылдық округінің әкімі Жандос Жанайдаров пен аудандық мәслихат депутаты Аманов Аслан соғыстың сарбазы Мысалы Маханбетовке арнайы барып, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде қарт майдангер: — Осы мейрам жалғаса берсін, халқымыз аман болсын!Зұлмат соғысты көрген біздің буын еліміздің көк аспанында әрқашан да бейбітшілік болуы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешірді.Ендігі болашақ ұрпақ еш уақытта бұндай соғысты көрмесін, жастарымыз алдағы уақытта да еліміздің мүддесі үшін қызмет етсін», — деді .
Жамбыл облысы жерінен 1943 жылы соғысқа аттанған Мысалы атай Ленинград майданына қатысқан.
Соғыс жылдарында талай қиындықтарды бастан кешірген ардагер барлаушы міндетін атқарды.
Сонымен қатар ол сарбаздардың шабуылы алдында неміс фашистерінің миналарынан тазарту жұмыстарына ат салысқан.
Сарысу ауданы, Игілік ауылдық округі