АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, Жаңатас қаласының әкімі — Д.Борсықов Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында құттықтау сөз алған қала әкімі ардагерлерге әрқашан да құрметтің жоғары болатындығын жеткізіп, ізгі тілегін білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер алғыстарын жеткізе отырып, өтініш — тілектерін білдірді. Д.Борсықов өтініштердің барлығы назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті жұмыстар жасалатынын жеткізді. Шара соңында Ауған соғысы ардагерлеріне Құран бағышталып, шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты