Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін
Жеке кәсібін ашамын дейтіндерге қолдау болған қайтарымсыз гранттар талай ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетуге мүмкіндік берді. Сол мүмкіндікті пайдасына асырғандардың бірі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша мемлекеттік грантты ұтып алған азаматша Сарыкемер ауылының тұрғыны Дуйсенбиева Насихат Темирхановна.
Ол өзінің жеке шаруашылығына 2 мүйізді ірі қара малын алып, жеке кәсбін дөңгелетуді бастады. 2 бас ірі қара малын өсіріп, сүтін сауып бала шағаларын ақпен қамтамасыз етіп отырған жайы бар. Алдағы уақытта өз кәсібінің ауқымын кеңейткісі келетінін тілге тиек етті.
Осы кеңейтілген жобаны жүзеге асырып елдің, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында жасалып жатқан бағдарламаны іске қосқан Елбасына, өкімет өкілдеріне және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұжымына алғысын білдірді.