«Арман» деген не?
Баяғыда бір қария жас жігіттен «Арман» деген не? — деп сұрапты.
Жігіт сонда:
-Ата, арман деген қиял, — деп жауап береді.
Қария:
— Жоқ, балам, арман дегеніміз ақыл-ойдың шыңы.
-Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді,
-Қыз көpiктi болсам,
-Жігіт бақытты болсам,
— Қарт жүзге жетсем дейді,
-Ақылды дана болсам,
-Ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді – деген екен қария.