«Арнайы қызметтер»
Енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады.
2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациядау кезең-кезеңімен өткізіледі. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды. 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250 нысан) ұсынған жеке тұлғалардың деректерінде 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270 нысан) табыс ету міндеттемелері туындайды.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі eGov.kz порталда «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Салық салу» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov mobile-да «Қызметтер» — «Арнайы қызметтер» бөлімінде алуға болады. Декларацияны тапсыру мерзімі есепті күнтізбелік жылдан кейінгі 2023 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және eSalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы да ұсынуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»
Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.