Арнайы мемлеткеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі?

Сіздер Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленетінін білесіздер ме? Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:
— ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
— қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
— ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
— қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
— кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
— Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады.?

Қандай құжаттарды ұсыну қажет?

* белгіленген үлгі бойынша өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* банк шоты бойынша мәліметтер;
* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.