«Арнайы ұйымдастырылған сұхбат» деп бықсымасаңыздар екен

«Арнайы ұйымдастырылған сұхбат» деп бықсымасаңыздар екен. Біраз адамға, соның ішінде жан досым — Өркенге ұнаған сұхбат болды) Бүкпесіз сұхбат болған соң кімге ұнамасын! Бүгінгі күннің сұранысына жауап беріп жатса, оған біз кінәлі емеспіз)
3 ай бұрын алынған сұхбат. 3 ай сабыр сақтап күткен я ұмытып кеткен Санжар Керімбай ағаға рахмет! Әр нәрсенің өз уақыты бар екенін Санжар аға да сезген болса керек, «Әй, бала, сұхбат не болды?» деп сұрамады)) 3 бөлімнен тұратын сұхбаттың соңында кешегі «Қазақстан» арнасы жайлы, ол жерде Ғалым Доскен ағаның арнаға қосқан үлкен үлесі де айтылады. Бүгін Ерлан Қарин мырза Ғалым Доскен ағаның бүгінгі «Qazaqstan» арнасында, жаңа маусымда авторлық қолтаңбасы болатынын мәлім етті. Сәйкестік демей көріңіз) Бәлкім, Ерлан мырза да оқыған шығар сұхбатты. Кім білсін! Санжар аға, егер «Ұлттық арна» шақырып жатса, ойланбай келісіңіз. Франкл ілімі ол жерде жүрген журналистерге де керек!

Қоғамның қалауымен санаса отырып, эфир уақытын дәл бөлетін

— Жалпы Қазақстанда неліктен суицид рейтингі жоғары десек, еліміздегі бос сөз, бос күлкі, шоу бағдарламалар шектен тыс асып кеткен. Олар адамдарды өлтіріп жатырмыз деп ойламайды. Біз күлдіріп жатырмыз, қуаныш сыйлап жатырмыз деп, өздерін ақтап алатын неше түрлі мақалдар тауып алады. Бұрын мен «Қазақстан телерадиосында істеген кезде Ғалым Доскеннің эфирді бөлгенін көргем. Сонда эфир уақытын бөледі: жаңалықтар қанша минут аласыңдар, мынанша, саяси сараптама қанша минут? Жеті-сегіз минут. Ал эстрада ше дегенде, поп музыканы тыңдайтындар саны көп, бізге жарты сағаттан кем уақыт аз болады дейді. Күй ше десе, оны жастар тыңдамайды кемпір-шалдар болмаса, оған аптасына он минут берсеңізші. Қаратау шертпелеріне аптасына он минут жетеді. Қарағандының Жезқазғанның дәстүрлі әндеріне он бес минут берейік дейді. Діни сұраныс қанша? Қазір діншілдер көбейіп келе жатыр, 20 минут берейік дейді. Сөйтіп, қоғамдағы сұранысты сеткамен дәл есептеп шығаратын. Қоғамның қалауымен санаса отырып, эфир уақытын дәл бөлетін. «Ақжүніс» жастар үшін, саясатты жақсы көретіндер үшін «Күлтегін», тарихи танымды күшейту үшін «Атажұрт», балалардың әдебиетке сұранысын өтеу үшін «Алтын сақаны» шығаруы –бәрі-бәрі есептеліп отырады. Менің ойымша, қазіргі басшылар мына жақта халық бар-ау, олдардың өмір мәнін түсінуге сұранысы бар-ау деп санаспайды деп ойлаймын. Бүкіл қоғам «ахаха-ехехеуді» тілеп отыр деп ойлайтын болса керек. Мұның бәрі адамды «өлтіріп» жібереді. Сондықтан қазақтардың үш арсыз бар: ұйқы, тамақ, күлкі деген дүниетанымы өте дұрыс айтылған.

http://www.qamshy.kz/article/sanzhar-kerimbay-meni-birewler-zikirshi-sopi-dep-atasa-men-ushin-zor-abiroy