«Арулар, асыл жандар, ардақтылар»

ӘЙЕЛ-АНА, ӘЙЕЛ-ЖАРЫҢ, ШЫРАҒЫҢ!
Әйел – біріншіден ана, әйел — отбасының шуағы, қоғамның қуанышы, тәрбиенің қайнар бұлағы.
Қоғамның даму барысын өмірде-нәзік, көңілде-биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес.
Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Әйел-ана, әйел-жарың, шырағың» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шарада түрлі салада еңбек етіп жүрген арулар бас қосты.
Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов сәбиін көрік, еңбегін серік еткен қыз-келіншектер мен аруларға сый-құрмет көрсетті.
Өз сөзінде, әйел-аналардың отбасындағы, сондай-ақ қоғамдағы өзіндік орнына тоқталған аудан басшысы аруларды құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Бұдан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков әйел-аналарды мерекемен құттықтады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшалар аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Алыс хаттармен марапатталды.
Мереке қарсаңында көңілдері шаттық пен қуанышқа, құшақтары гүлге толған арулардың еңбектері еленді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі