Аружан Саин жариялаған ОҚО-дағы 6 жасар қызға байланысты ақпаратты ата-анасы жоққа шығарды

2018 жылғы 30 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Евразия» қонақ үйінде Аружан Саинның фейсбук әлеуметтік парақшасында жазған Түркістандық қызға қатысты баланың әкесі баспасөз брифингін берді.

Сөздің басында қыздың әкесі Аружан Саинның ақпаратын түгелімен жоққа шығарды. Қазіргі таңда қыз мектепке барып, әріп танып, есеп шығаруды меңгеруде екендігін және жалпы жағдайы жақсы екендігін жеткізді.

Бастамасында қыздың ата-анасы Түркістан қаласындағы ХҚТУ клиникасына емделген. Кейіннен Ташкент қаласында қатынап жүріп   1 жылдай ем қабылдаған. Содан кейін ата-ана әлеуметтік желі арқылы Аружан Саин көмек береді деген ниетпен хабарласып, көмек сұраған.

Аружан Саин қыздың құжаттарымен танысып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына баланың ата анасын қатысты «ата-ана құқығынан айыру» туралы арыз берген. ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық іш ашып, ОҚО және Түркістан қалалық прокуратураларының бақылауымен 1,5 жылдай уақытта тергеу жүргізілген.

Осы тергеу амалдары жүргізілген аралықта баланың денсаулығы нашарлап, ем қабылдауына қатты кедергісі тигізген. Өйткені баланы күтуші ата-анасы мен туған туыстары, көшілеріне дейін тергеуде болған.

Осылайша көмек сұрап барған ата-анаға Аружан Саин арыз беріп, баланы тірі ата-анасының кезінде балалар үйіне өткізбек болған. Нәтижесінде сот баланың ата-анасына қатысты «ата-ана құқығынан айырылмайды» деп өкім шығарып, нүктесін қойған.

Қыздың әкесі Аружан Саинның оларға және басқаларға көмектесудің орнына неге сотқа беріп, тірі ата-анасы бар балаларды балалар үйіне өткіземін деудегі мақсаты «мемлекеттен, шет елдік қорлардан ақша алып бизнес күн көрісін қамтамасыз ету ме» деп жауапты сұрақ күйінде айтып өтті.

Сонымен қатар, ол: «Фейсбукте тараған аружан Саинның қыз тірі ме, жоқ па біле алмай отырмыз, әкесінің телефоны өшірулі деген ақпарын 100 пайыз теріске шығарды. Өз сөзінде менің нөмірім ауысқан емес және ешкім бұл тақырыпта хабарласпады деді. Аружанға өзіміз хабарлассақ телефонын әрдайым көмекшілері көтереді, оған шығу мүмкін емес және қызымның салмағы мен жағдайына қатысты ақпараты да жалған» дегенді жеткізді.

Сөз соныңда баланың әкесі Аружан Саинмен бетпе-бет кездесуге дайын екендігін айтып өтті.

 

Нуржан Айдархан