«АРЫС ЖАҒАСЫНДА» РЕТРО-ФЕСТИВАЛІ БАСҚА КҮНГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ

10 қазан күні Түркістан қаласында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтуі тиіс болатын. Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты бұл концерт кейінге шегерілді.

         Биыл тоғызыншы рет қолға алынған өнер мерекесі Түркістанда тұңғыш рет өткелі тұрған. Еліміздің әр өңірінен келген белгілі өнер жұлдыздары мен ұжымдары, түсірілім топтары да концертке дайын еді. Ұлт қайраткерінің қазасына байланысты Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай шешім қабылдады.   

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтардан, өнерпаздардан түсіністік танытуларын сұранамыз. Ретро-фестивальдің қашан өтетіні туралы алдын ала хабарланады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі