АРЫС: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, тұрғындармен  пікір алмасты. Өңір тауар өндірушілерінің еңбегін жоғары бағалады.

Жәрмеңкеде Түркістан облысындағы 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарына  базар нарқынан 30%-ға  төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

200 тоннаға жуық өнім түске дейін толық сатылып, арыстықтар жәрмеңкені ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі