Арыспен біргеміз!
Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша қолға алынған шаруалар ауқымды десек, ондағы жамбылдық құрылысшылардың жұмыла жасап жатқан жұмыстары өз жемісін беруде. Оның бір дәлелі ретінде бүгін облысқа тиесілі 3-сектордағы 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының толығымен аяқталғанын айтуға болады.
Қазіргі таңда 3-сектор аумағында жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 220 құрылысшысы аянбай тер төгуде. Олар 50 жеке тұрғын үй де жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалуда. Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қажетті құрылыс материалдары уақытылы жеткізілуде.
На сегодняшний день работы по восстановлению города Арыс — колоссальные. Результаты дают и работы жамбылских строителей. Сегодня полностью завершены ремонтные работы 6 индивидуальных жилых домов в секторе 3, возложенных нашей области.
В настоящее время на территории сектора 3 работают 220 строителей из 16 строительных компаний Жамбылской области. Они проводят ремонтные работы по 50 индивидуальным жилым домам.
Как сообщалось ранее, в 3 секторе выделенного штабу Жамбылской области по восстановлению города Арыс, находится 11 улиц. Кроме того, здесь определены еще 14 социальных и коммерческих объектов.
Составлены дефектные акты всех изученных жилых домов. Проводится сметная работа.
В результате из 3-х разрушенных домов два будуд построены заново, один будет полностью отремонтирован. В остальных домах будет проведен капитальный ремонт.
Строительные материалы, необходимые для строительно-монтажных работ, доставляются своевременно.