АРЫСТАҒЫ 7700-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ТОЛЫҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны — 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады. Үй иелері уақытша орынға жайғасты.

Жалпы Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен.

Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170  арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі