АРЫСТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов аудандағы өзге этнос өкілдері көп шоғырланған Арыстанды ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Жамбыл облысындағы этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекеннің бірі осы Арыстанды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 256 күрді ұлтының өкілдері тұрып, мамыражай тірлік кешіп жатыр.
Ауданда «Барбанг» күрді этно — мәдени орталығы қызмет атқарады. Жетекшісі Арыстанды ауылының тұрғыны Айдарова Сайрам Абдулқадырқызы.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы ауыл тұрғындарының жағдайын, ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындармен ұлтаралық келісімді нығайту тақырыбында әңгіме қозғалды.
Бірлікті ту етіп, еңбектің қазанын қайнатқан Арыстанды ауылының тұрғындары аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр.