АРЫСТЫҚТАРҒА 180 ЕРІКТІ ПСИХОЛОГ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға алғашқы  күннен бастап 180 ерікті практик-психолог пен педагог-психолог көмек көрсетуде. Себебі мұндай ауыр соққы алған сәбидің күні ертең қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін.

24 мыңнан аса адам эвакуацияланған орталықтарда сәбилердің жан-дүниесіндегі соққыны емдеген гештальт-терапевт психологтар қазір Арыс қаласында да емдік шараларын жүргізуде.

Қазіргі таңда тұрғындардың бастан кешкен эмоцияларын зерттеу,  болған оқиғаны түсіндіру – психологтардың негізгі терапиясы болып отыр. 

Сондай-ақ еріктілер халық арасында бактериологиялық қару-жарақ, радиация және апаттан көптеген адам қайтыс болды деген ақпараттың жалған екенін түсіндіріп жүр.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі