АРЫСТЫҚ ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Халықаралық жастар күні қарсаңында Арыс қаласының белсенді жастары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Теміржолшылар саябағында сенбілік ұйымдастырды. Сондай-ақ ауыл жастары мен мәдениет саласының майталмандары да тазалыққа атсалысты. Игі шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қаланың тазалығына үлес қосу.
Жастар тазалық барысында саябақтағы қоқыстарды жинап, ағаштардың түптерін әктеп, гүлзарларды суғарды. Халықаралық жастар күні – жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды мереке. Арыс қаласының жастары өздерінің ынта-жігері мен жауапкершілігі арқылы бұл күннің мән-маңызын айқын көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі