АРЫСТЫҚТАР 56 МЫҢ ТОННА ӨНІМДЕРІН ЖӨНЕЛТТІ

Үстіміздегі жылы Арыстың бау-бақшасы берекелі болып, дихандардың кетпеніне құт қонды. Егінжайда егіліп бой көтерген көшеттер төгіліп өнім берді. Сондықтан болар Арыс қаласындағы шаруалардың шашпай-төкпей жинаған өнімдері 134 мың тоннадан асып түсті. Осылай дерменесімен мақтанатын өңірдің, бау-бақшасымен көңілдің ажарын ашты.

Жуырда диқандар күздік бақша өнімдерінің 55 760 тоннасын еуропа елдеріне жөнелітті. Иә, сыртқы нарықтан табыс тапқан жер емген халыққа пайда. Мәселен, Ресейдің Мәскеу қаласы мен Пенза, Новосібір, Самара облыстарына бақша өнімдерін жіберді. Одан әрі Германия, Балтық елдеріне де қауын мен қарбызын жібергендер бар. Өзіміздің ішкі нарыққа жібергендері бір бөлек әңгіме. Мысалы, 63 мың тонна қауын, қарбызбен  Астана мен Алматы қалаларын қамтамасыз етті. Шаруалар Сырдария және Арыс өзенініӊ игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда жиын-терім науқанын ойдағыдай жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару бұл облыстың өткен және алдыңғы жылдардағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Жергілікті биліктің мақсаты ішкі рынокты қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру.

Аграрлы аймақтың — ауыл шаруашылығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға әлеуеті жетеді. Бұл бағытта бүгінде өңірде тиісті деңгейде жұмыстар атқарылуда.

                                                                                      С.ЕРЕНБАЙ.