Арзан жәрмеңкеге асық
Таразда «Grand bazaar» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңке өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері бар.
Жәрмеңкеге жалпы құны 35,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылада. Оның ішінде 7,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 11,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері шығарылған.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.