Ас содасының ешкім күтпеген пайдасы анықталды
АҚШ-та медицина колледжінің мамандары ас содасының қауіпті аутоимунды аурулардан қорғайтынын анықтады.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ас содасын суға араластырып ішу арқылы – ревматоидті артрит пен қызыл жегі ауруының алдын алуға болады. Тәжірибе барысында ас содасы тышқандарға берілді. Дәрігерлер асқазан қышқылының түзілуіне септігін тигізетінін дәлелдеді. Ал қышқыл өз кезегінде патогенді жасушаларды өлтіріп, ас қорытуға көмектеседі.
Сондай-ақ, дәрігерлердің болжамынша, сода көкбауырға түсетін салмақты азайтады. Осылайша ісіп-қызару процесін тудыратын М1 макрофагының мөлшері азайып, қабынуға қарсы М2 жасушаларының саны артады. Сондай-ақ, сода бүйрекке оңды әсерін тигізеді.
Зерттеу авторларының бірі, физиолог Пол О’Коннордың айтуынша, бүйрек аурулары кезінде қан қатты қышқылдануы мүмкін. ал ол өз кезегінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен остеопороз дертіне шалдығу қаупін арттырады. Ал антацид бұл процессті тежейді.
“Клиникалық зерттеу барысында сода арқылы қанның қышқылдануын төмендетіп қана қоймай, бүйрек ауруын тоқтатуға болатыны анықталды”, – дейді ғалым.
Stan.kz