АСА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесуі» туралы Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында аудан басшысы алдыңғы кездесулерде көтерілген ұсыныстардың орындалуын барысын айтып өтті.
Аудан басшысы алдағы уақытта Ауған соғысы ардагерлері аллеясын аббаттандыру, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіш тақта, аудандық музей құрылысы жайлы және басқада игіліктер туралы айтып өтті.
Сондай-ақ тұрғындар талап-тілектерін: көше жарығының уақытын белгілеу және басқада сауалдарына жауап алды.
Жамбыл ауданы