АСАНӘЛІ ӘШІМОВ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ!!!
Бүгін «ТӘУЕЛСІЗ — ҚАЗАҚСТАНЫМ !» АТТЫ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ» ЖӘНЕ КСРО ХАЛЫҚ ӘРТІСІ А.ӘШІМОВТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛУ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ өтті.
Кештің мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерекесін атап өту.
Ұлттық домбыра күнін ұлықтау Еліміздің 30 жылда гүлдену, даму және өркендеу жолындағы мәртебесін арттыру.
«Тұғыры биік Тәуелсіз — Қазақстаным!» атты аудандық мәдениет және өнер фестивалінде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйледі.
Аудан басшысы өз сөзінде:
— Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Ұлттық домбыра күні» және келе жатқан «6 шілде – Елорда күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінгі іс-шарамызға кино мен театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін Кеңес Одағы және Қазақстанның халық әртісі атанған, облысымыздың Құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов ағамыздың өзі қонақ болып қатысуда.
Құрметті Асанәлі аға!
Осынау мерейлі күнде елімізге сіңірген адал да абыройлы еңбегіңіз үшін Сізге барша жерлестеріңіздің атынан шынайы алғыс сезімімді білдіремін.
Бүгін Сіздің туған жерге, кіндік қаныңыз тамған мекенге келуіңіз біз үшін үлкен бақыт екенін естен шығармауыңызды сұраймын.
Құрметті сарысулықтар!
Еліміздің іргесі берік, бірлігі мығым болғай. Еліміздің игілігі жолында қызмет етіп жүрген аға-бауырларымыздың жұмысы берекелі болсын. Халық аман, ел тыныш болсын!
Құрметті Асанәлі аға!
Сізге зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға береке, баянды бақыт тілеймін!,-деп ізгі лебізін білдірді.
Туған жеріне келіп марқайған Асанәлі Әшімовке барлық сый-құрмет көрсетіліп, ақ тілегі тыңдалды.
Аудандықтар аңызға айналған ұлы перзентін құшақ жая қарсы алып, мәре-сәре болып жатты.