Асар-ел бірлігі

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.

 

 

Дәл бүгін атына заты сай,  Мойынқұм ауданының бірлігі жарасқан Бірлік ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен берілген  баспананың  кілті осы ауылдың тұрғыны М. Баялиевке тапсырылды.

Аудан басшысы Ә.Балқыбеков  арнайы барып  үй иесін баспаналы болуымен құттықтап, өзінің ізгі ниет тілектерін жеткізді. Сондай ақ осы игі тіршілікті ұйымдастырған Бірлік ауылының 1991 жылы туылған жастарына аудан халқы атынан рахметін айтып «Алғыс хатын» табыс етті.

 

 

Осыдан кейін ауыл биі Кемпірбай ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы М.Иманалиев ақ батасын берді.  Асарлатып салынған үйдің лентасын ауыл ақсақалы М.Иманалиев пен аудан басшысы Ә.Балқыбеков қиып, әжелер  тәттіден шашуларын шашты.